Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Ресейдің Еуроодақпен байланысы жақсарған жоқ.

Ресейдің Еуроодақпен байланысы жақсарған жоқ.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррельмен кездесіп, ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы екі тараптың да диалогты жалғастыруға мүдделі екенін білдіргенін мәлімдеді, сонымен бірге қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы келеңсіз және болжап болмайтын салдарларға алып келетінін атап өтті, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.

«Екі тарап та диалог арналарын сақтауға және кеңейтуге, соның ішінде біздің ұстанымдарымыз бір-біріне қайшы келетін мәселелерге мүдделі екенін растады. Мұндай мәселелер өте көп. Біз екі жаққа да қызықты әрі пайдалы болатындай прагматикалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді атап өттік», — деді Лавров.

«Біздің байланысымыздың одан әрі нашарлауы келеңсіз және күтпеген салдарларға алып келеді деген ортақ пікірге келдік», — деп толықтырды сыртқы істер министрі.

Бөлісу