Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Иран мен Украинада қаралы күн жарияланды.

Иран мен Украинада қаралы күн жарияланды.

Ирандағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық лайнердің әуе апатына ұшырауына байланысты 9 қаңтарды Украина үкіметі президент В. Зеленскийдің қаулысымен жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ал Иран үкіметі 9 қаңтарда екі жағдайға байланысты — Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауы және генерал Касем Сулейманиді жерлеу кезінде адамдардың тапталып қаза болуына байланысты аза тұту күні деп жариялағанын Иран үкіметінің өкілі Әли Рабий Twitter арқылы хабарлады. 

8 қаңтар күні Украина «МАУ» компаниясының жолаушылар ұшағы Tasnim Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында экипаждың 9 мүшесі және 168 жолаушы болған. Ұшақта болған еш бір адам тірі қалмады.

Бөлісу