Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Елде жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасы енгізіледі.

Елде жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасы енгізіледі.

Мәжілісте ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

— Біз мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Қазір адам қаққан жүрігізуші мас, не мас емес екеніне қарамастан 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал енді мас күйде адам қаққандарды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру, сондай-ақ 10 жылға бас бостандығынан айыру жоспарлануда, — деді ол.

Мас күйде ауыр салдары жоқ жол-көлік апатын жасаған жүргізушілер үшін де қамауға алу мерзімі ұзартылады.

— Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес, мас күйде көлік жүргізу үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылады, ал көлік жүргізу құқынан айыру 8 жылға дейін созылады. Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандар мен мас күйде жол-көлік апатын жасағандар – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады, ал осы қылмысты қайталағандар мен ауыр қылмыс жасағандар – өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылады, — деп нақтылады Ахметжанов.

Бөлісу