Logo
Іздеу
Айдарлар

Күні кеше Путин қызметінен босатқан Көлік министрі өзін атып өлтірді.

/
Күні кеше Путин қызметінен босатқан Көлік министрі өзін атып өлтірді.

РФ бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт Подмосковьеде көлік ішінде өлі күйінде табылды. Ол марапат ретінде берілген қарумен өзіне оқ атқан.

Күні кеше Владимир Путин Роман Старовойтты Ресей көлік министрі қызметінен босатқан еді. Путин көлік министрі міндетін уақытша атқарушы етіп Андрей Никитинді тағайындады. Ол бұған дейін министрдің орынбасары қызметін атқарған.

«Коммерсантъ» мәліметінше, министрліктегі басшылық ауысуына шамамен жарты жыл дайындық жүргізілген. 7 ақпанда Владимир Путин Андрей Никитиннің Новгород облысы губернаторы қызметінен «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» отставкасын қабылдаған.

Роман Старовойт 2024 жылдың мамыр айынан бері Көлік министрлігін басқарған. 2012–2018 жылдары ол Росавтодордың басшысы болды, кейін Курск облысының губернаторы қызметін атқарған.

БАҚ мәліметінше, Старовойтқа қарсы дәлелдерді жуырда тұтқындалған Курск облысының бұрынғы губернаторы Алексей Смирнов берген. Ол өңірде фортификациялық нысандарды салу кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша ұсталған.

Серіктес жаңалықтары