Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Маңғыстау облысы

Ақтауда базардың 750 шаршы метрі өртеніп кетті (видео).

Ақтауда базардың 750 шаршы метрі өртеніп кетті (видео).

Ақтау қаласындағы «Масат» базарында алапат өрт болды. 22-ші шағын ауданда орналасқан сауда кешенінің 750 шаршы метрі отқа оранды. Тілсіз жаудың салдарынан 17 сауда нүктесі, 14 контейнер және шатыр астындағы 60 орын күлге айналды.
«Тәңсәріден басталған өртті сағат 9.16-да сөндірдік. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі, медицина және апат орталығы, полиция департаменті қатысты. Жүзден астам адам жұмылды», — дейді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

Бөлісу