Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Маңғыстау облысы

Ақтау қаласында тұңғыш рет «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтеді

Ақтау қаласында тұңғыш рет «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтеді

Ақтау қаласында тұңғыш рет 15-16 мамыр күндері «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі болады. Жәрмеңке Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Стратегиялық зерттеулер орталығы GUMOL» МЕМ-нің ұйымдастыруымен облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

15-16 мамыр күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтетін кітап жәрмеңкесіне республикамыздың түпкір-түпкірінен келген баспалар қатысады. Атап айтқанда:

1. Qasym kitap
2. Steppe&World
3. Абай
4. Арман-ПВ
5. ZIYAT
6. SANA
7. MAZMUNDAMA
8. Marfu
9. Отбасы Хрестоматиясы
10. WIK HOUSE 

Баспаларымен қатар кітапсүйер қауым үшін жәрмеңкеге ақын-жазушылар: Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова және т.б қаламгерлер, қоғам қайраткерлері мен кітап авторлары да келеді. Авторлармен суретке түсіп, қолтаңбасымен кітабын алуға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері, түрлі тақырыптарда секциялық отырыстар өтеді. Жәрмеңкеде түрлі ойындар, оқырмандарға арналған іс-шаралар да болады.

Барша ақтаулықтарды, қала қонақтарын және кітапсүйер қауымды жәрмеңкеге шақырамыз!