Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Маңғыстау облысы

Каспий теңізінде ашық суға кетіп қалған ер адам құтқарылды

Каспий теңізінде ашық суға кетіп қалған ер адам құтқарылды
Сурет: ТЖМ

Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізген құтқарушылар ашық теңізде қалып қойған ер адамды құтқарып қалды. Оқиға кеше тіркелген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, патрульдеу кезінде құтқарушылар жағадан шамамен 400 метр қашықтықта су бетінде қалған адамды байқап, дереу көмекке шыққан. Арнайы қайықпен жеткен мамандар ер адамды жағаға аман-есен жеткізді.

Кейін анықталғандай, азамат мотор орнатылмаған қайықпен теңізге шыққан. Алайда қатты желдің әсерінен қайықты ағыс ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өз күшімен жағаға қайта орала алмаған.

Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.

Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Мамандар суға шығар алдында ауа райы болжамын тексеруге, құтқару кеудешесін киюге, тек техникалық жарамды қайықтарды пайдалануға және қатты жел кезінде теңізге шықпауға кеңес береді.