Logo
Іздеу
Айдарлар

ШҚО-да «Келешек мектептері» аясында 7 жаңа мектеп салынып жатыр

/
ШҚО-да «Келешек мектептері» аясында 7 жаңа мектеп салынып жатыр

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында жалпы сыйымдылығы 3000 оқушыға арналған 7 мектептің құрылысы жоспарланған.

2024 жылдың соңына қарай заманауи бес мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Оның екеуі — Шемонаиха ауданындағы Шәкәрім атындағы №4 орта мектеп пен Риддер қаласындағы №12 орта мектеп — апатты ғимараттардың орнына салынған. Сондықтан құрылыс аяқталғаннан кейін бұл мекемелер тек қайта лицензиялау рәсімінен өтті. Жаңа ғимараттарда оқу процесі 2025 жылдың 1 сәуірінде басталды.

Тағы үш мектепке 2025 жылдың жаз айларында білім беру қызметіне лицензия берілді:

№31 мектеп (Өскемен қаласы, Тимофеев көшесі) — 2025 жылғы 26 маусымда;

№40 мектеп (Өскемен қаласы, Уалиев көшесі);

№2 Белоусовка мектебі (Глубокое ауданы) — 2025 жылғы 9 шілдеде.

Аталған білім беру ұйымдарында оқу процесі 2025 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Сонымен қатар, өңірде тағы екі жайлы мектептің құрылысы жалғасып жатыр:

Глубокое ауданындағы 300 орындық №2 Опытное поле мектебі;

Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесінде орналасқан 600 орындық №41 мектеп.

Аталған екі ұйым да әділет органдарында тіркеліп, БСН, жарғы және қазынашылық кодтарын алған. Құрылыс аяқталып, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін білім беру қызметіне лицензия алу рәсімі басталады.

«Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыру өңірдегі балалар үшін заманауи және қауіпсіз оқу жағдайларын қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп орындарының тапшылығын азайтуға ықпал етеді.