Logo
Іздеу
Айдарлар

Тазалық техникасы – тағылым құралы

/
Тазалық техникасы – тағылым құралы

Астана көшелерінде жүретін арнайы техникалар енді тек санитарлық қызметпен ғана емес, ұлттық сана мен тарихи тұлғаларды дәріптейтін қозғалмалы құралға айналып отыр. Қаланың тазалығына жауапты «Астана Тазалық» ЖШС жаңа жоба аясында техникалар беткейіне қазақ зиялыларының ұлағатты сөздерін орналастырды.
Бастама биылғы мерейлі даталармен байланысты жүзеге асуда. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығы сияқты атаулы күндер ұлттық ойды тазалық мәдениетімен ұштастыруға негіз болды.
Қазіргі таңда «Астана Тазалық» ЖШС құрамында 440 арнайы техника бар. Қоғамдық орындарды, жолдар мен көшелерді тазалаумен 2000-нан аса жұмысшы айналысады. Техникалар күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істейді, бір күнде 150-ден аса техника қаланың әр бұрышына шығып, тазалық жұмыстарын жүргізеді.


Жаңа алынған техникалар 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Олардың сыртында ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың сөздері жазылған. Бұл тек эстетикалық әрлеу емес, сонымен бірге елорда тұрғындарын ұқыптылық пен жауапкершілікке шақырудың бір жолы. 
Қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті арттыру – Астананың көркі мен сапалы өмір сүру ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам. Бұл ретте «Астана Тазалық» ЖШС-нің атқарып жатқан жұмыстары тек техникалық қызметпен шектеліп қана қоймай, тәрбиелік мәні зор әлеуметтік бастамалармен де толығып келеді.