Logo
Іздеу
Айдарлар

Өзбек пен қырғыз біртұтас төлем экожүйесін құруға келісті

/
Өзбек пен қырғыз біртұтас төлем экожүйесін құруға келісті
Фото: коллаж arasha.kz

UZCARD FORUM 2024 аясында Қырғызстан мен Өзбекстан біртұтас төлем экожүйесін құру туралы меморандумға қол қойды. Екі ел “Элкарт” (Қырғызстан) және UZCARD (Өзбекстан) карталарын өзара қабылдауға келісті.

Енді қырғыз “Элкарт” карталары Өзбекстанда, ал өзбек UZCARD карталары Қырғызстанда қабылданады.

Бұған дейін ақша аударымдары көбіне батыстық платформалар арқылы жүзеге асса, енді тікелей ұлттық жүйелер арасында аударуға болады.

Бірінші кезеңде картадан картаға тікелей аударымдар іске қосылды.

Кейін банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы карталарды қабылдау жоспарланған.

Бұл қадам аймақтық цифрлық интеграцияны күшейтіп, қаржылық қызметтерді қолжетімді етуді мақсат етеді. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру мен трансшекаралық төлемдерді оңайлатуға бағытталған.

Сарапшылар бұл бастаманы Орталық Азиядағы экономикалық және технологиялық серіктестіктің жаңа кезеңі деп бағалап отыр.