Ақтау қаласында соңғы аптада отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты 51 арыз тіркелді деп хабарлайды, Arasha.kz жергілікті Lada басылымына сілтеме жасап.
Полиция басқармасының мәліметінше, барлық арыз бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) үш адамға хаттама толтырылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 461-бабы) тағы екі азаматқа хаттама рәсімделіп, материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Тағы 17 іс бойынша басқа баптармен әкімшілік хаттамалар толтырылды. 20 арыз бойынша құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылған.
Ал 7 арыз бұрын тіркелген фактілермен біріктірілген.
ҚР ҚК-нің 109-бабы (ұрып-соғу) және 106-бабы (орташа ауырлықтағы дене жарақатын әдейі келтіру) бойынша екі қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
13 адамға қатысты бір ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың басынан бері Ақтауда отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 67 жағдай тіркелген. Алайда, көптеген істер жәбірленушілердің өтінішін қайтарып алуына байланысты жабылған.