Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыдағы Наурызбай ауданында не өзгеріс бар?

/
Алматыдағы Наурызбай ауданында не өзгеріс бар?
фото: Наурызбай ауданы әкімдігі

30 шілде Наурызбай ауданының әкімдігі Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып, ауданның негізгі инфрақұрылымдық жобаларына арналған баспасөз турын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Arasha.kz.

30 шілде Наурызбай ауданының әкімдігі Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып, ауданның негізгі инфрақұрылымдық жобаларына арналған баспасөз турын ұйымдастырды.

      Іс-шара барысында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева БАҚ өкілдерін әлеуметтік нысандардың, жаяу жүргіншілер аймағы мен инженерлік желілердің құрылысы барысымен таныстырады. Және өз сөзінде: «Наурызбай ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту – біздің жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ауданда барлығы 30 жалпы орта білім беру нысаны бар, оның ішінде 17-сі жекеменшік, 12-сі мемлекеттік және 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2024-2025 оқу жылында оқушылардың жалпы саны 33 мыңға жетті (мемлекеттік мектептерде – 28 мың, жекеменшік мектептерде – 3 мың, НЗМ-де – 1 мың оқушы). Қазіргі уақытта аудан бойынша оқушы орындарының тапшылығы – 5 303 орынды құрап отыр.

Аудан тұрғындарының санының артуын ескере отырып, білім беру нысандарын қайта жаңарту және жаңа мектептер салу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

1.1 Биылғы жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ЖК «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде 1 500 орындық жаңа мектеп ашылады (жобаның құны – 8 млрд теңге).

Сонымен қатар, келесі мектептердің құрылысы белсенді жүргізілуде:

Құрамыс шағынауданында 1 500 орындық жайлы мектеп (шамамен 8 млрд теңге),

Шұғыла шағынауданында, Сабденов көшесінің бойында 2 500 орындық мектеп (шамамен 14 млрд теңге),

Елімай тұрғын үй кешені маңында 1 200 орындық мектеп (шамамен 7 млрд теңге).

1.2 Сонымен қатар, жыл соңына дейін Шұғыла шағынауданында («Әлем Сити» ТК маңында) 1 200 орындық мектеп ашылады. Бұл нысанды Алматы қаласының Білім басқармасы сатып алады.

Биыл №174 мектепке 400 орындық қосымша корпус салу жұмысы аяқталады (жобаның құны – 2,4 млрд теңге). Сонымен қатар, Шұғыла шағынауданындағы Еңбек көшесінде 340 орындық жатақханасы бар №15 интернат-мектептің құрылысы (бар ғимараттарды бұзу арқылы) аяқталады.» деді.

          Нысандар бойынша төмендегі құрылыс орындарында болдық және төмендегідей ақпараттар алдық.

Құрамыс шағынауданындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы. Құрамыс шағын ауданында дәл қәзіргі уақытта 3- қабатты мектеп, 320 орынды балабақша және 500 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік беретін емхана салынып жатыр. Мектепке тоқталар болсақ  3 қаббатты мектеп жұмысының 90 пайызға жуық жұмысы аяқталған, Мектеп қолданысқа қараша айында берілуі жоспарланып отыр.

Ауданда 30 мектеп бар  болса ондағы оқушы саны 33131 баланы құрайды, олардың ішінде 12 мемлекеттік мектеп болса сол мектепте 28164 бала оқиды қалған 17 мекемеде 3727 бала оқиды , қалған 1240 бала НЗМ де оқиды. Осы тұста 1500 орындық “Нұрлы дала” Тк жанында жайлы мектеп құрылысы аяқталған және қыркүйек айында ашылуы болады.

№174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс аяқталды ,ашылуы қыркүйек айына жоспарлануда, 1200 орындық әлем Сити ТК жанындағы мектеп құрылысы аяқталып , желтоқсан айында өз жұмысын бастайды.

Құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан 5200 орындық 3 жайлы мектеп 2025 жылдың тамыз айында аяқталады,340 орындық жатаханасы бар мектеп -интернаты да қыркүйек айына жоспарланған.

Балабақшалар бойынша орын тапшылығы 5189 баланы құрайды.№202 балабақша құрылысы бітіп қыркүйек айында ашылуы болады, және 3 балабақша құрылысы әлі жалғасып жатыр.  320 орындық 2 балабақша құрылысын аяқталуы Қыркүйек айына жоспарланса 240 орындық балабақша өз жұмысын желтоқсан айында бастайды.

Емхана  жұмысына тоқталар болсақ : емханаға 8.8 млрд теңге бөлінген, жалпы аумағы: 15100 м2-ты құрайды. Мекеме аумағы: 1,5176 га, көгалдандыру аумағы: 4820 м2 құрайды, Көлікке арналған тұрақ саны: 16, қабат саны : 3, құрылыс жұмысының басталған уақыты: 2025, жоспар бойынша аяқталуы тиіс мерзім 2026 жылдың тамыз айы. Ескерте кетерлік жай : емханада жалпы дәрігерлік практика бөлімшелері, тіс емдеу бөлімшесі,хирургиялық бөлімше, сәулелік диагностика бөлімшесі, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі, педиатрия бөлімі, физиотерапиялық емдеуге және жаттығуға арналған бөлім, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі, ерексектерге және балаларға арналған мамандандырылған емдеу бөлімшесі, медициналық профилактика және әлеметтік- психологиялық көмек бөлімі, клиникалық -диагностикалық зертхана және дәріхана мен қамтылады.

Салынып жатқан мектеп , емхана , балабақша жұмыстары қызу жүріп жатыр, және жаңа техникалар жұмылдырылған.

Шұғыла шағынауданындағы «Жаңа Арбат» жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы бойынша :

Жергілікті жол және жаяу жүргіншілер аймағын салу

Мердігер ұйымдар – «RBS Дорстрой» ЖШС / «Stamp service» ЖШС

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 280 млн теңге

Негізгі көрсеткіштер:

Балалар алаңы – 26 дана

Спорттық кешен – 22 дана

Көгалдандыру – 2200 м²

Суару жүйесі – 1250 м

Бұталар – 300 дана

Жапырақты ағаштар – 160 дана

№200 МЕКТЕП АЛДЫНДАҒЫ

БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН АЛЛЕЯНЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕУ

Жобалаушы ұйым – «Solarit» ЖШС

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 120 млн теңге

ҚМЖ басталуы – 2025 жылғы маусым

ҚМЖ аяқталуы – 2025 жылғы тамыз

Атқарылатын жұмыстар түрлері:

Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату – 13 дана

Көше жаттықтырғыштарын орнату – 6 дана

Футбол алаңын қайта жөндеу және көрермен орындықтарын орнату – 1 дана

Жарықтандыру бағаналарын орнату – 33 дана

Тротуар аймақтарын (асфальт) абаттандыру – 270 м²

Тастөсеме (брусчатка) төсеу – 300 м²

Резеңке (тартан) жабындысын төсеу – 550 м²

Декоративтік қоршау орнату – 70 м

Газонға гидроегіс жүргізу – 8 500 м²

Ағаш көшеттерін отырғызу – 20 дана

Пергола орнату – 1 дана

Автоматты суару жүйесін қайта жаңғырту

 «Шұғыла City» ТК (солтүстік кіреберіс) аумағында жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру

Жобалаушы ұйым: «Stamp service» ЖШС

ЖСҚ құны: 450 млн теңге

Ұзындығы: 370 метр

Тиімділігі: 30 мың тұрғын, 44 көпқабатты тұрғын үй

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

Бордюр бойындағы асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру – 400 м²

Ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасын төсеу (қалыңдығы 6 см) – 1200 м²

Ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасын төсеу (қалыңдығы 5 см) – 1200 м²

Веложолға асфальтбетон жамылғысын (ПГС негізімен) төсеу – 1050 м²

Тартан жабындысын төсеу – 850 м²

Газон төсеу (одернование) – 6320 м²

Тротуар плиткасын түзету (рихтовка) – 198 м²

Цемент-құм бордюрін түзету – 85 м/ж

Поребрикті түзету – 93 м/ж.

Ақжар шағынауданындағы су құбыры және кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша:

 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту таусамалы шағынауданындағы су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы және су құбыры желілерін қайта жаңғырту. Мәслихат шешімімен 2025 жылғы 5 маусымда жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі: 2,5 млрд теңге

Құрылыс жұмыстарының басталуы: 2025 жылғы шілде. Аяқталуы: 2026 жылғы желтоқсан.

Батыс кәріз коллекторының құрылысы бойынша  жобаның мақсаты:

Алматы қаласының Наурызбай және Алатау аудандарындағы 175 мың тұрғынды, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарындағы 20 мың тұрғынды орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету.