Logo
Іздеу
Айдарлар

"Абай өлеңдерін оқу" челленджі зиялы қауым арасында да өз жалғасын тапты

/
"Абай өлеңдерін оқу" челленджі зиялы қауым арасында да өз жалғасын тапты
Видеодан скриншот

Қазақстанда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Абай өлеңдерін оқу" челленджі ел зиялылары арасында кең өріс алып келеді, деп Arasha.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры бұл бастамаға алғашқылардың бірі болып қосылып, эстафетаны "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамбліне жолдады. Осы аяда Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев ақынның "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы" атты шығармасын оқыды.

"Абай – біздің ұлттық санамыздың темірқазығы, рухани биігі. Оның сөзі менойы уақыт өткен сайын тереңдеп, жаңаша үн қатуда. Ұлы кемеңгердің аманатынаадал болып, оның мұрасын келешек ұрпаққа лайықты жеткізу – бәрімізге ортақміндет. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театр ұжымы үшін бұлмерейтойдың орны тіптен бөлек. Себебі театр тұлғаның есімін иеленіп қана қоймай,оның мұрасын сахна арқылы дәріптеп отыр", – деді театр ұжымы.

Бүгін қазақ өнерінің абыз тұлғасы Асанәлі Әшімов ұлы ақынның "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңін оқыды. Абай жырының әр жолы жүрекке жетсе, Асанәлі ағамыздың орындауында ол тыңдарманды терең ойға жетеледі.

Асанәлі Әшімов эстафетаны Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаеваға жолдады. Өнер иесі Абайдың "Есіңде бар ма жас күнің" атты өлеңін оқып, ақын мұрасына деген құрметін білдірді.

Сонымен қатар, актриса Жанна Қуанышева Қайрат Байбосынұлы мен Қайрат Айтбаевтан челленджді қабылдап, Абайдың "Будь разборчив в пути своем" өлеңін жүрекпен жеткізді. Ал одан эстафетаны алған актриса Гүлнара Досматова ұлы ойшылдың сыршыл да нәзік "Тихой ночью" атты өлеңін оқыды. Бұл туынды – түн тыныштығында айтылған терең сыр, адам жанының ең түкпірінен шыққан сезім.