Logo
Іздеу
Айдарлар

Астананың сөзмергендері сайысты

/
Астананың сөзмергендері сайысты
adebiportal.kz

Елордада «Сөзмерген – 2025» шешендік өнер сайысы өтті. 18 бен 45 жас аралығындағы қатысушыларды қамтыған додада журналистер, мектеп мұғалімдері, мәдениет мекемесі қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері бақ сынады.

Рухани іс-шараны бас қаланың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Сөз бен ой жүйріктерін бағалаушы қазылар құрамы елімізге белгілі мамандардан жасақталды. Атап айтқанда, журналист-этнограф Бекен Қайратұлы, «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен, ақын, «Жастар» театры директорының орынбасары Мақпал Мыса,  салалық министрліктің Кітап ісі басқармасының сарапшысы Айбала Бекмұханбет,  журналист, медиаменеджер Мәди Манатбек.

Сөз өнері байқауы «Мен, мен, мен едім...», «Ділмар», «Тобықтай түйін», «Жиреншенің жолы» атаулы төрт кезеңмен өрбіді. Сайыстың ерекшелігі ретінде шешендікті бағалаумен қатар логикалық ойлау, таным аясын байқау, қысылтаяңдағы ұтқырлығын бағамдау сынды талаптарды айтуға болады.

«Сөзмерген – 2025» байқауының бас жүлдесін ақын, «Әдебиет порталының» өкілі Ықылас Ожайұлы иеленді. Жүлдегерлер санатында Жанболат Шәкім, Бағлан Оразалы, Қабиден Қуанышбай, Ардаби Мәулет, Бекзат Құлшар есімді қатысушылар бар.