Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп нобель алуы мүмкін — қолдау білдіргендер тізімі шықты

/
Трамп нобель алуы мүмкін — қолдау білдіргендер тізімі шықты
Фото: коллаж arasha.kz

Ақ үй әкімшілігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылуын белсенді түрде қолдап жатыр. 1news.az хабарлауынша, бұл бастамаға бірқатар шетелдік көшбасшылар да қосылған.

Қолдау білдіргендер тізімі:

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев

Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Камбоджа премьер-министрі Хун Сен

Габон президенті Брайс Олиги Нгема

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху

Пәкістан үкіметі

Руанда Сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе

Трамп өз сөзінде Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы қақтығысты тоқтатуға, Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті азайтуға, Сербия мен Косово арасындағы келісімге ықпал еткенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілікке қол жеткізуге күш салып жатқанын айтты.

Трампты Нобель сыйлығына ұсыну идеясы Вашингтондағы үшжақты кездесу кезінде көтерілген. Онда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Армения премьері Никол Пашинянмен бірге Нобель комитетіне бірлескен хат жазуды ұсынды:

«Дональд Трамп бұл сыйлыққа лайық. Ол қысқа уақытта ұзақ келіссөздер процесін аяқтады», — деді Әлиев.