Logo
Іздеу
Айдарлар

«Балапан» арнасы бала тәрбиесіндегі ролі артып келеді

/
«Балапан» арнасы бала тәрбиесіндегі ролі артып келеді
фото: balapan.tv/

«Балапан» арнасы  жазылушылардың өсу қарқыны бойынша барлық отандық телеарналар арасында көш бастап тұр деп сеніммен айтуға болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі уақытта бұл телеарнаның YouTube каналындағы оқырманы саны 2,29 миллион адамды межелеген. Бұл қазақтілді аудиторияның көпшілігінің қолы жетпеген жоғары нәтиже. Және мұндай межеге «Балапан» үлкен ізденіс, қыруар еңбек, күш-қайраттың арқасында жетті. Бүгінгі жетістік – «Балапанды» құрудан бастап, бүгінгі биігіне жетуіне дейін тамшыдай болса да үлесін қосқан барша шығармашылық топтың тынымсыз еңбегінің жемісі десек қателеспейміз.

«Мың қадам бір қадамнан басталады» демекші, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған балалар арнасын құрып, қалыптастырып, дамыту отандық мамандардың білімі мен біліктілігінің жоғарылығын көрсетеді. Осындай жаңашыл, креативты ойлай алатын, заманауи өзгерістерге ұстылған жастардың арқасында «Балапан» тез дамыды. Әсіресе «Алдар мен ұры», «Алпамыс» және «Тоқты мен Серке» деп аталатын анимациялық сериялар кішкентай көрермен арасында ерекше танымал. YouTube арнасындағы бұл анимациялық еңбектердің әрқайсысы 4 миллионнан астам қаралғанын айта кеткен жөн. Бірнеше сериядан тұратын балалар контентінің әрқайсысы өзінше қызық, өзінше тартымды. Бүлдіршіндердің қайта-қайта «Баапанды» іздейтіні, көретіні де сондықтан.

Бұдан бөлек, қазіргі рейтингте «Балапанның» YouTube арнасындағы «111», «Ақжелкен», «Желаяқ», «Білімді бала», «Тәтті балақай», «Бізбен биле», «Көңілді асхана», «Ағылшын әліппесі», «Менің мекенім», «Сен білесің бе?» атты жаңа бағдарламалары мен бірқатар отандық анимациялық жобалары да балалар көңілінен шыққан. Соның арқасында арнаның қаралымы тағы артты.