Logo
Іздеу
Айдарлар

Тұрғын үй: халық неге өз құқығын білмейді?

/
Тұрғын үй: халық неге өз құқығын білмейді?
фото: pixabay.com

Бүгінде «Ақнұр» жеке кәсіпкерлігін құрып, тұрғын үй алушыларға жол көрсетіп жүрген ол қарапайым халық құқықтық білімінің төмендігінен көп мүмкіндікті пайдалана алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Перизат Асхатқызының тұрғын үй бойынша кеңес беріп келе жатқанына екі жыл болды. Бүгінде «Ақнұр» жеке кәсіпкерлігін құрып, тұрғын үй алушыларға жол көрсетіп жүрген ол қарапайым халық құқықтық білімінің төмендігінен көп мүмкіндікті пайдалана алмай отырғанын айтады.

Шын мәнінде, біздің елімізде тұрғын үй алам деушілерге көп жеңілдік жасалған. Әсіресе, тұрақты жұмысы бар азаматтардың тезірек үй алуына мүмкіндік мол. Алайда, көпшілігі ізденбейді. Қаржысын банктерде жинап, тиімді пайызбен ипотека алудың орнына әлі күнге дейін «кезексіз үй алып берем», «жеңілдікпен несие алуға көмектесемін» деген алаяқтардың сөзіне сеніп алданып жатыр, - дейді Перизат Асхатқызы.

Осы сала бойынша білімін арттырып, арнайы оқыған маман өзі де басында сондай жарылқаушылардың сөзіне сенгенін айтады. Кейіннен заңнамалар мен тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар шартын оқыған соң, баспана алудың қыр-сырын өзі де терең зерттей бастаған. Нәтижесінде екі жылда екі үйге қол жеткізген.

Қазір бұрынғыдай тұрақты тіркеуге тұру, тұрақты жұмыстың болуы талап етілмейді. Ең бастысы, несие тарихыңды таза сақтап, тұрғын үйдің алғашқы жарнасын ұқыптап жинай білу керек. Несие тарихын жөндеудің де түрлі әдісі бар. Сондай-ақ әр тұрғын үйді алуда қанша табыс, қандай құжаттар талап етілетінін білген жөн. Көпшілігі мұндай сұрақтарға ізденгісі келмейді. Ал әр бағдарламаның шартын оқыған адам өзінің қай категорияға жататынын біліп, оған қажетті қадамдарды есеппен жасайды. Мұндай кезде баспаналы болу да жеңіл, - дейді П.Омарова.

Маманның сөзінше қазір жастар арасында қаржыны үнемдеу, қаржыны банктерде жинау дағдысы қалыптасқан. Содан болар, жас мамандардың арасында екі-үш қызмет еткен соң баспаналы болып жатқандар көп. «Мен мұндай өз игілігі үшін еңбек етіп, тырысып жүрген жастарды үнемі айтып, үлгі етіп отырамын. Басқаларға сабақ болса деймін. Өйткені, ешкім біреуге баспана алып бермейді. Жақсы өмір сүргісі келгендер жақсылап білімін көтеріп, қаржысын үнемдеуге, пайдалы іске жұмсауға дағдылануы керек» дейді Перизат Асхатқызы.