Logo
Іздеу
Айдарлар

Барша қазаққа есімі белгілі журналист ұзаққа созылған дерттен өмірден өтті (ФОТО)

/
Барша қазаққа есімі белгілі журналист ұзаққа созылған дерттен өмірден өтті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі қаламгер, журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден озды. Ол ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күрескен болатын, деп Arasha.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы), Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында дүниеге келген.

Орта білімін 1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебінде тәмамдап, кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Журналистік еңбек жолын студент кезінде «Жетісу» облыстық газетінде бастаған ол, кейін "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Айқын", "Халық сөзі", "Егемен Қазақстан" газеттерінде әртүрлі қызметтер атқарып, бөлім редакторы және бас редактордың орынбасары болды. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында баспасөз қызметін басқарған.

Айгүл Аханбайқызы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі мен "Құрмет" орденінің иегері. Одан бөлек, ол "Оқырман күткен әңгіме" атты кітаптың авторы.