Ресейлік танымал әнші Татьяна Буланованың отбасында ауыр қаза болды – оның жұбайы Валерий Рудневтің әкесі дүниеден озды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі марқұмды ерекше құрметпен еске алып, олардың арасындағы жылы және шынайы қарым-қатынасқа тоқталды.
Буланова бірнеше рет күйеуінің ата-анасын өзіне нағыз тірек, жанына жақын адамдар деп атап өткен. Әншінің айтуынша, оның өмірінде бұл қолдау ерекше орын алған, әсіресе өзінің әкесі 1998 жылы, анасы 2017 жылы қайтыс болғаннан кейін.
Әншінің сөзінше, қайыната мен қайынене әрдайым қамқорлық танытып, үлкен сүйіспеншілікпен көңіл бөлген. Көптеген сұхбаттарында Татьяна олардың отбасындағы жарасымды қарым-қатынасына және қиын сәттерде әрдайым қолдау көрсетуге дайын екеніне тоқталған.
Айта кетейік, Татьяна Буланова 2023 жылдың 2 маусымында үшінші рет тұрмысқа шыққан. Оның жары – кәсіпкер Валерий Руднев, ол әншіден 19 жас кіші.