Logo
Іздеу
Айдарлар

Тынық мұхитынан Волгаға дейін – түркілердің жері»: Якутия депутаты тарих пен мәдениетті жаңғыртуға шақырды

/
Тынық мұхитынан Волгаға дейін – түркілердің жері»: Якутия депутаты тарих пен мәдениетті жаңғыртуға шақырды
Сурет: ашық дереккөзден

Таулы Алтайда Якутия парламентінің депутаты Александр Иванов жергілікті өзін-өзі басқару реформасын сынға алып, түркі халықтарын бірлікке, тарих пен мәдениетті сақтауға шақырды.  Бұл туралы Exclusive.kz жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ивановтың айтуынша, түркі тектес ондаған этнос ғасырлар бойы бөлшектеніп, ассимиляцияға ұшыраған, соның салдарынан өз тарихынан қол үзген.

– «Біз түбімізбен, ата-бабамызбен бауырлармыз. Біздің қатарымызда хакас, тувин, татар, башқұрт, әзербайжан, түркімен, өзбек, қазақ, түрік және өзге де халықтар бар. Біз 200 миллионбыз, бірақ тым бытыраңқымыз», – деді депутат.

Оның пікірінше, жеке-жеке ұлттардың үнін елемесе де, біріккен халықтар мүддесін ешкім елемей қала алмайды.

Сонымен бірге Иванов Мәскеуді тарихты бұрмалап көрсетіп жатқанын айыптап: «Тынық мұхиттан Волгаға дейінгі, Қытай қорғанынан Венгрияға дейінгі жерлер — түркі халықтарының тарихи мекені», – деп мәлімдеді.

Депутат орыстың ұлтшыл қозғалыстарының күшею қаупіне де тоқталып, олардың қысымы ұлттық республикаларға таралуы мүмкін екенін ескертті.

Ивановтың бұл сөзі Алтайда қызу талқыланып, түркі мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға үндеген үндеу жергілікті белсенділердің қолдауына ие болды.