Санкт-Петербургте опера әншісі Сергей Алексашкин өмірден озды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, халық әртісі Сергей Алексашкин Мариин театрында 36 жыл бойы өнер көрсетті.
Мариин театрының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Оның бейнені сезіну шеберлігі мен виртуоздық сахналық өзгерістері, терең дауысы, әсіресе орыс классикалық репертуарында ерекше ашылатын өнері әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендерді баурап алды».
Сергей Алексашкин 1952 жылғы 20 ақпанда Саратов облысында дүниеге келген. 1982 жылы Саратов консерваториясын бітірген. Саратов опера және балет театрында жұмыс істеген соң, 1983-1984 жылдары Италиядағы «Ла Скала» театрында тағылымдамадан өткен. 1989 жылдан бастап Мариин театрының солисі қызметін атқарды.