Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандағы ең үлкен жайлы мектептер Алматыда салынды

/
Қазақстандағы ең үлкен жайлы мектептер Алматыда салынды
Фото: материал бойынша

Алматыда BCN Group (BAZIS Construction) компаниясы Қазақстандағы ең үлкен екі жайлы мектепті салды. Әр мектептің сыйымдылығы – әр ауысымда 2500 оқушы. Мұндай ауқымдағы білім ордалары еліміздің тәуелсіздік тарихында алғаш рет салынды.

Бұл жетістік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба — «Келешек мектептері» аясында мүмкін болды. №221 және №224 мектептер Алматының қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай және Бостандық аудандарында бой көтерді. Қазір оқу орындары толық дайын, қажетті құжаттарды рәсімдеу жүргізілуде.

Дәстүрге сай, жаңа оқу жылының алдында компания Ашық есік күндерін өткізді. Онда болашақ оқушылар мен олардың ата-аналары мектептердің сапасын, заманауи жабдықтардың технологиялылығын және құрылысшылар жасаған жайлы жағдайларды өз көздерімен көрді.

Масштабтары таңғалдырады: әр мектептің жалпы аумағы шамамен 33 мың шаршы метр. Әр кешен 10 корпустан тұрады. Мұнда бастауыш, орта және жоғары буынға арналған оқу кабинеттері бөлек орналасқан. Сондай-ақ төрт спорт залы, 540 орындық акт залы, шеберханалар, хореография залы, кітапхана және коворкинг-аймақтар бар. Цоколь қабатында — 800 орындық асхана орналасқан.

Мектептер қауіпсіздік пен инклюзияның ең қатаң талаптарына сай келеді: бейнебақылау камералары орнатылған, кіреберісте карточкалық жүйе бар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дабыл түймелері, пандустар және арнайы лифтілер қарастырылған.

Мектеп аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. Мұнда ойын және спорт алаңдары, футбол және баскетбол алаңдары, теннис корттары мен жүгіру жолдары бар. Ашық есік күнінде балалар жаңа алаңды сынап көріп, алғашқы голдарын соқты. Бәлкім, олардың арасынан болашақ чемпиондар да өсіп шығар.

Жаңа мектептерде балалар үлкен қызығушылықпен STEM-зертханаларын, робототехника, химия, физика және биология кабинеттерін аралап шықты. Барлық сыныптар заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Шет тілдері мен информатика кабинеттерінде компьютерлер мен лингафондық жабдықтар орнатылған. Әр мұғалімге жеке компьютер берілген. Барлық кабинеттер интерактивті тақталармен жабдықталды.

№221 мектептің кураторы Арнагүл Мәлікова атап өтті:


«2500 орындық жаңа мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл еліміздегі ең үлкен мектеп. Мұнда балалардың заманауи әрі сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған».

№224 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Луиза Қожақаева жаңа мектептің технологиялық жабдықталуы мен құрылыс сапасының жоғары деңгейін ерекше атап өтті:
«BCN Group (BAZIS Construction) компаниясына осындай жарық әрі кең мектеп салғаны үшін алғыс айтамыз. Мұнда балалар қуана-қуана оқып, тұлға ретінде дамиды. Ең бастысы – олар болашағына жақсы бастау алады. Біз, мұғалімдер үшін де, жайлы еңбек етуге барлық жағдай жасалған».

Ашық есік күнінен кейін ата-аналар өз әсерлерін бөлісті. Көпшілігі балаларын жаңа мектептерге жекеменшік оқу орындарынан ауыстырып жатқанын айтты.
«Ең жақсы инвестиция – бұл балалардың білімі мен дамуына салынған инвестиция. Сондықтан мен бұл жобаны еліміздің болашағы үшін ең маңызды жобалардың бірі деп санаймын. Осындай мектептерде білім алған балалар Қазақстанның дамуына үлес қосады. Бұл – болашаққа жасалған ең дұрыс қадам. Президентке және мектепті салған құрылысшыларға алғыс айтамын», – деді Айбек Әбілханов, 3 және 4 сыныпта оқитын екі қыздың әкесі.

BCN Group (BAZIS Construction) компаниясында атап өткендей, «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысу – компания үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе.

«Жаңа жайлы мектептерді салу барысында біз ең жоғары сапа стандарттарын ұстанып, оқу кабинеттерінің ыңғайлылығына, жабдықтардың технологиялылығына, қауіпсіздікке және инклюзияға ерекше көңіл бөлдік. Пайдаланудың алғашқы үш жылында біздің мамандар мектеп директорларымен бірлесіп жұмыс істеп, барлық инженерлік жүйелердің, жабдықтар мен инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», – деді BAZIS компаниялар тобының негізін қалаушысы Александр Белович.

Еске сала кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тапсырысы бойынша BCN Group (BAZIS Construction) Алматыда жалпы сыйымдылығы 16 500 орындық 9 мектепті салып, пайдалануға берді. Сондай-ақ, биыл Астанада әрқайсысы 2000 орындық тағы екі мектеп тапсырылды.