Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қымбатшылықтан қиналған халықты көрмедім" – Мәжіліс депутаты тосын пікір айтты (ВИДЕО)

/
"Қымбатшылықтан қиналған халықты көрмедім" – Мәжіліс депутаты тосын пікір айтты (ВИДЕО)
qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи елдегі қымбатшылық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың айтуынша, бағаның өсуіне байланысты шағымдар көп болғанымен, өзі барған аймақтарда халықтың аса ауыр күйге түскенін байқамаған.

"Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме қай жерде болсын бар. Бірақ мен Шығыс Қазақстанда, Семейде, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Сондай қатты бір қиыншылыққа тап болған халықты көрген жоқпын. 1 қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған жекелеген отбасылар бар екен. Оларға аз да болса да көмек көрсету бойынша әрекет жасадық", – деді депутат журналистердің сауалына.