"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек әлеуметтік желідегі парақшасында тың жазба қалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Актриса EFW сән апталығында өз бренді Danalyq Collection жаңа туындыларымен өнер көрсететінін хабарлады.
"Бұйырса @efw.kz сән көрсетілімінде @danalyq_collection су жаңа авторлық жұмысымен шығады. Егер сіз дизайнер болсаңыз қатыссаңыз болады. Алматыға орын қалмады-ау, Астанада болатын сән көрсетіліміне әлі іріктеу жүріп жатыр", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Дана Тұрарбекті құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
"Ма ша Алла, керемет жаңалық", "Сәттілік Дана ханым, әлемдік брендтердің қатарынан көрініңіз", "Алла ісіңізді жеңілдетсін, өте мықты келіншексіз", "Қазақстанның атын шығаратын бастамалардан болсын", – деген пікірлер жазылды.