Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба қалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Құдалығымыз мың жылдық болсын! Мақсат немереңіз үлкен азамат болсын", – деп жазды ол.
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – қазақ эстрадасының ең жарқын жұлдыздарының бірі. Ол – драмалық сопрано иесі, Қазақстанның халық әртісі (1994), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1999). Жас кезінде-ақ үлкен жетістіктерге жетіп, 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 31 жасында халық әртісі атанды. Халықаралық байқауларда бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
1981 жылдан бері "Қазақконцерт" құрамында ән шырқап келе жатқан Жүнісова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәдени-ағарту факультетін тәмамдаған, кейін профессор атағын иеленді. Оның өнерге деген таланты бала кезінен байқалып, музыка мектебінде кәсіби білім алды. Әнші тек Қазақстанда ғана емес, шетел сахналарында да өнер көрсетіп, түрлі елдердің беделді марапаттарына ие болды. Ол "Азия дауысы" фестивалінің екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ "Платиновый Тарлан", "Алтын Адам", "Сахна ханымы" сынды сыйлықтардың иегері.