Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әкесін сабап өлтірген" жігітке қатысты сұмдық тың дерек шықты

/
"Әкесін сабап өлтірген" жігітке қатысты сұмдық тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Шардарада әкесін сабап өлтірген оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі журналист Қуаныш Тілеуқабыл әлеуметтік желіде күдікті туралы мәлімет бөлісті. Оның айтуынша, әкесіне қол жұмсаған адамның есімі – Алмас Садақбаев. Ол әншілікпен қатар асабалықпен айналысқан, сондай-ақ мешітте намаз оқып, азан шақыратын болған.

"Әнші әрі асаба, мешітте азаншы болып жүрген азамат екен. Дінмен қатар боғауыз сөзді де жақсы меңгерген мұсылман болып шықты. Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қоссейіт ауылында тұрады екен", – деп жазды Қуаныш Тілеуқабыл.

Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл оқиғаға қатысты пікір қалдырып, қатаң айыптап жатыр. Көпшіліктің реакциясы "әкесін сабап өлтірген діндарға лағынет болсын" дегенге саяды.