Logo
Іздеу
Айдарлар

ЭКСЖ ұлттық жобасы: Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ірі инфрақұрылымдық жаңғырту басталды

/
ЭКСЖ ұлттық жобасы: Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ірі инфрақұрылымдық жаңғырту басталды
gov.kz

11 қыркүйекте Ақтөбе қаласында "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыруға арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шараға Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының орталық мемлекеттік органдарының, әкімдіктерінің, бизнес-қоғамдастықтары мен қаржы институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Семинар аясында ұлттық жобаны іске асырудың негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау тетіктері және өңірлердегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін қаржыландыру құралдары ұсынылды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-ның, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ-ның өкілдері және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

ЭКСЖ шеңберінде Ақтөбе облысында 2025-2029 жылдарға жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге инвестициялар жоспарланған. Қаражат облыстың түрлі елді мекендерінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға бағытталатын болады.

Негізгі жобалар:

 "Aqtobe su-energy group" АҚ — 5,2 км жылу желілерін, 2,4 км су құбырлары мен 11,5 км кәріз желілерін күрделі жөндеу, 7 ұңғыманы бұрғылау, 1 КНС қайта құру.

"Алға жылу" КМК (Алға қ.) — №2 КСС құрылысы, 2,4 км жаңа кәріз желілерін салу және 10,9 км қолданыстағы кәріз желілерін қайта жаңарту, 2026 жылы — 0,3 км жылу желілері.

"Ұлы Борсық" КМК — 2 км жылу желілері мен 4 км кәріз желілерін қайта жаңарту.

Ақтөбе облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және ТКШ энергия тиімділігін арттыруға 2026 жылы инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды.

Батыс Қазақстан облысында 2025-2026 жылдарға "ЭКСЖ" ұлттық жобасы бойынша 25,1 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда.

"Жайықтеплоэнерго" АҚ — 7,5 км жылу желілерін қайта жаңарту.

"Батыс су арнасы" ЖШС - 6 км су құбыры және 10 км кәріз.

"БҚ АЭК" ЖШС-электр желілерін жаңғырту, сенімділікті арттыру, автоматтандыру жүйелерін енгізу.

Батыс өңірлерде «ЭКСЖ» ұлттық жобасын іске асыру тұрақты және заманауи коммуналдық инфрақұрылымды құруға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.