Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Экипаж түгелдей қаза тапты: Ұшақ адамдардың көзінше құлап, жанып кетті

Экипаж түгелдей қаза тапты: Ұшақ адамдардың көзінше құлап, жанып кетті
istockphoto.com

Аргентинадағы әуе шоуы қайғылы оқиғамен аяқталды. Кордоба провинциясындағы Бель-Виль қаласында жоғары пилотаждық маневр жасап жатқан қос орындық ұшақ көрермендердің көз алдында құлап түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Борттағы екі ұшқыш та қаза тапты.

"Полиция мәліметінше, қаза болғандар Санта-Фе провинциясының тұрғындары. Куәгерлердің айтуынша, трюк кезінде ұшақ кенеттен биіктігін жоғалтып, ұшу-қону жолағына құлап түскен. Соққыдан кейін әуе көлігі өртеніп, экипажды құтқару мүмкін болмаған", – делінген деректе.

Қазір мамандар қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр. Техникалық ақаулық не маневр жасау кезіндегі қателік нұсқалары қарастырылуда.