Logo
Іздеу
Айдарлар

Өнер әлемі қара жамылды: Елге танымал кино қайраткері қайтыс болды (ФОТО, ВИДЕО)

/
Өнер әлемі қара жамылды: Елге танымал кино қайраткері қайтыс болды (ФОТО, ВИДЕО)
pixabay.com

Кинооператор, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Шайгарданов 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ресей кинематографистер одағы хабарлады, деп жазды Arasha.kz.

"Біздің арамыздан үлкен суреткер әрі жақын, туған жан кетті. "Қайғырамыз" деу аздық етеді. Бұл – бәріміздің ортақ қасіретіміз. Юраның отбасына және оның көптеген досына көңіл айтамыз", – делінген ұйым сайтындағы хабарламада.

Кинооператор 20 қыркүйекке қараған түні өмірден озды. Қайтыс болу себебі нақты айтылмаған.

Шайгарданов 1954 жылы дүниеге келіп, ВГИК-тің операторлық факультетін Вадим Юсовтың шеберханасында тәмамдаған. Ол Ресей кинооператорлары гильдиясының "Ақ шаршы" сыйлығымен марапатталған.

Ол еңбек еткен фильмдердің қатарында "Еске түсірейік, жолдастар!" (1987), "Ит жүрегі" (1988), "Кезбе автобус" (1989), "Саңыраулар елі" (1997), "Магниттік дауылдар" (2003) және "Риорита" (2008) бар.