Logo
Іздеу
Айдарлар

"Бір жылда 3 млн теңге": Қызымен айрылысып кеткен жігіт жұмсаған ақшасын қайтарып алды

/
"Бір жылда 3 млн теңге": Қызымен айрылысып кеткен жігіт жұмсаған ақшасын қайтарып алды
depositphotos.com

Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған қаражатын қайтарып алғысы келетінін мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдайды блогер Нұрдәулет Мэлс Instagram парақшасында бөлісті.

"Маған бір жігіт хабарласты. "Бір қызбен бір жылдай кездестім, кейін ол мені тастап кетті" дейді. Қызды қатты жақсы көріп, гүлін алып берген, киімін сыйлаған. Бір жылдың ішінде шамамен 3 миллион теңге жұмсапты. "Осыны жариялап жіберейік" деді. Мен оған араласпайтынымды, егер қаласа, сотқа берсін дедім. Бірақ, жігіттер, ондай әрекетке бармаған дұрыс. Қыздар үшін шын жүректен бердіңдер ме, оны қайта сұрамаңдар. Бұл – дұрыс емес, жігітке жараспайды", – деп жазды блогер.