Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әкесі де шоқынып кетіпті": Рүстем Жүгінісовтің видеосы елді шошытты (ВИДЕО)

/
"Әкесі де шоқынып кетіпті": Рүстем Жүгінісовтің видеосы елді шошытты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде блогер Рүстем Жүгінісовтің әкесімен бірге түскен видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазбасында ол бейнероликке "Әкеммен бірге" деген сипаттама қалдырған. Кадрлардан оның әкесінің де дін жолын ұстанатыны аңғарылады.

Алайда бұл видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Оқырмандар блогер мен оның әкесінің сырт келбетін сынап, алаңдаушылықтарын білдірді.

"Мыналар отбасымен адасыпты ғой", "Алла сақтасын, әкесі де шоқынып кетіпті", "Қорқынышты көрініс", "Қазақта әкесі бар жігіттер сақал қоймайды", – деген секілді пікірлер желіде жиі жазылды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі отбасына сын айтса, енді бір бөлігі бұл олардың жеке таңдауы екенін алға тартты.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.