Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанға тіл тигізген танымал тележүргізуші өмірден өтті (ФОТО)

/
Қазақстанға тіл тигізген танымал тележүргізуші өмірден өтті (ФОТО)
pixabay.com

Белгілі тележүргізуші әрі режиссер Тигран Кеосаян 59 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды оның жары, RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Бүгін түнде Тигран өмірден өтті. Біз үшін дұға еткендердің бәріне рақмет. Қазір маған да, отбасыма да қоңырау шалмауларыңызды өтінемін. Барлығыңызға алғыс айтамын", – деп жазды Симоньян.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Кеосаян ауыр халге түсіп, комаға кеткен еді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың сәуірінде ол Қазақстан туралы айтқан даулы мәлімдемесімен жұртшылық арасында үлкен резонанс туғызған болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігі оның сөзіне жауап беріп, мұндай пікірлер екі ел арасындағы тату көршілік қарым-қатынасқа кері әсер ететінін жеткізген. Кейіннен ресейлік тележүргізушіге Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынды.