Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ешкім ешкімді аямады": Тазабек Назарбаев жайлы бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

/
"Ешкім ешкімді аямады": Тазабек Назарбаев жайлы бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсеміздің YouTube-арнасына берген сұхбатында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Менің көзқарасым жеке тұлғаларға – Назарбаевқа, Тоқаевқа немесе басқа билік басындағыларға емес, жалпы биліктің құндылықтарына байланысты, – деді ол.

Ақынның айтуынша, “Тұңғыш президент” ұғымын әулеттегі алғашқы баламен салыстыруға болады: үлкендердің ерекше еркелетуімен өсетін тұңғыш секілді, алғашқы президентке де кең өкілеттік берілді. Соның арқасында ол бір қолына билікті жинақтап, көптеген шешім қабылдады.

— Назарбаевтың өзі де мойындаған: кадрлық мәселеде де, жалпы шешімдерде де қателіктер болды. Кеңестік тапшылық дәуірінен кейін халық молшылыққа ұмтылды. Бұл тек бір адамның әрекетіне байланысты емес, бүкіл қоғамның талпынысы еді. Ол кезде ешкім ешкімді аяған жоқ. “Мен” деген азаматтар қарақшылыққа барды, ал шенеуніктер мемлекеттің мүлкін өзінікі деп санады, – деді Тазабек.

Оның айтуынша, сырттан да түрлі ұсыныстар болды: “Мемлекет игілігіне қалсын” деудің орнына, барды өздеріне алуға тырысқандар көп шықты.

— Қателіктерді тек бір адамға таңу дұрыс емес. Өйткені патшаның жанындағылар сол орта мен жағдайды қалыптастырады. “Төмен ойлайтындар адамдарды талқылайды, орташа ойлайтындар оқиғаларды сөз етеді, ал жоғары ойлайтындар құндылықтарды саралайды” дейді. Сондықтан мен барынша құндылық тұрғысынан ойлауға тырысамын, – деді ол.