Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақ руханияты қара жамылды: Елге танымал жазушы көз жұмды (ФОТО)

/
Қазақ руханияты қара жамылды: Елге танымал жазушы көз жұмды (ФОТО)
pixabay.com

Белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еркін Жаппасұлының дүниеден озғаны туралы ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Министрлік марқұмның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

Ведомствоның ресми Telegram-арнасында атап өтілгендей, Еркін Жаппасұлы қазақ сатирасының дамуына айрықша үлес қосқан қаламгерлердің бірі болды. Ол өз шығармаларында қоғамдағы шындық пен өмірдің күлкі мен мысқылға толы қырларын терең бейнелеп, ұлттық әдебиет пен журналистиканың өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Қаламының өткірлігі мен руханиятқа деген жанашырлығы оны оқырман мен әріптестерінің құрметіне бөлеген еді.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады. Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын", — делінген министрліктің ресми хабарламасында.