Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыдағы әйелдер форумында Путинді көпшілік алдында мақтады

/
Алматыдағы әйелдер форумында Путинді көпшілік алдында мақтады
Сурет: видеодан скрин

Ресейлік психолог Алексей Ситников Алматыда өткен BeWoman форумында Ресей президенті Владимир Путинді «пассионар тұлғаға» үлгі ретінде теңеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Путиннің соққыға қалай төтеп беріп тұрғанына қараңыздар. 55 ел онымен соғысып жатыр, ал ол жеңіп келеді. Трамптың Путинді ұшақ трапында қалай қарсы алғанын еске түсіріңіздер — ол ешкімді ондай құрметпен қарсы алған емес. Демек, пассионарлық тек ұлттың емес, жеке тұлғаның да қасиеті болып, әлемді өзгертетін қозғаушы күшке айнала алады», — деді Ситников сахнадан.

Ресейлік спикердің бұл сөзі әлеуметтік желілерде жаппай наразылық туғызды. Пайдаланушылар форум ұйымдастырушыларын ресейшіл әскери насихатты дәріптейтін спикерлерді шақырғаны үшін сынға алды.