Белгілі әнші Тамара Асардың жұбайының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішер өмірден өтті, деп Arasha.kz тілшісі Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаралы хабарды Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі ресми түрде растады.
"Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл орны толмас ауыр мезгілсіз қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін", – делінген ресми мәлімдемеде.