Logo
Іздеу
Айдарлар

ҚР Ұлттық кітапханасында Ғылыми кеңестің І отырысы өтті

/
ҚР Ұлттық кітапханасында Ғылыми кеңестің І отырысы өтті

2025 жылғы 15 қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғылыми кеңестің І отырысы өтті. Іс-шара Н.Дәулетова атындағы залда ұйымдастырылып, оған кеңес мүшелері, кітапхана басшылығы және ғылыми қызметкерлер қатысты.

Отырысты ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Қанат Алтынбек ашып, кеңес құрамын таныстырды және ғылыми кеңестің негізгі бағыттарын атап өтті. Ол ғылыми-зерттеу жобаларын үйлестіру, сирек қор мен қолжазбаларды зерттеу, сондай-ақ кітапхана ісін дамытуға бағытталған ғылыми серіктестікті кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Кеңес төрағасы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы қатысушылардың назарын ғылыми-зерттеу қызметінің сапасы мен баспаға ұсынылатын еңбектердің мазмұндық деңгейін арттыру мәселелерін көтерді.

Отырыста алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері үш кітаптың қолжазбасын талқылап, әрқайсысын арнайы таныстыру мақсатында тыңдалым ұйымдастырылды.

Талқылау барысында кеңес мүшелері кітаптардың мазмұндық сапасы мен құрылымына, ғылыми-әдістемелік деңгейіне назар аударып, бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізді. Барлық ескертулер мен пікірлер қаралғаннан кейін, ғылыми кеңес қолжазбаларды баспаға ұсыну туралы шешім қабылдады.

Жиын соңында Кеңес төрағасы алдағы уақытта Ұлттық кітапхана тарапынан жарық көретін барлық кітаптар, әдістемелік құралдар, журналдар мен жинақтар да ғылыми кеңестің қарауына ұсынылатынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша үш қолжазбаны да баспаға ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

Бұл ғылыми кеңес Ұлттық кітапхана қызметіндегі ғылыми бағыттарды жүйелеуге, отандық кітапхана ісі мен библиография ғылымының дамуына серпін беретін маңызды басқосу болды.

 

ҚР Ұлттық кітапханасы

Баспасөз қызметі