Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жыныс мүшесіне тақия кигізу": Танымал журналистің сөзі елдің ашуын туғызды (ФОТО)

/
"Жыныс мүшесіне тақия кигізу": Танымал журналистің сөзі елдің ашуын туғызды (ФОТО)
The Village. Суретте: Асхат Ниязов

Танымал PR маман Айбар Олжай журналист Асхат Ниязовтың айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол журналист айтқан сөзде ұлт араздығын қоздыратын элементтердің бар-жоғын анықтау мақсатында Бас прокуратураға өтініш түсіргенін хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

YouTube-тағы әзіл форматындағы жобалардың бірінде журналист Асхат Ниязов әзілкеш Руслан Тай туралы қалжың айтып, көпшіліктің назарын аударды.

"Русланның қазақылығы сондай, тіпті мүшесіне дейін тақия киіп алған", – деп айтқан еді журналист.

Осы орайда журналист, танымал PR маман Айбар Олжай Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша сараптама жүргізуге Бас прокуратураға өтініш түсіргенін жазды.

"Асхат Ниязовтың адамның жыныс мүшесіне тақия кигізу туралы сөздері қазақ қоғамының ашуын туғызды. Онда ұлт араздығын қоздыру элементтері бар ма, жоқ па, соны анықтау үшін Бас прокуратураға Қылмыстық Кодекстің 174 бабы бойынша экспертиза жасауға өтініш түсірдім. Бұл 100% іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган қылмыстық құрам бар ма, жоқ па соны анықтайтын болады. Мүмкін бұл жәй әзіл шығар. Бірақ әзіл адамдарды жауластырмауы керек. Керісінше жақындастыруы керек еді. Асекеңнің тілімен айтсақ: "Хороший юмор объединяет, а не хороший разъединяет", – деп жазды Айбар Олжай.