Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Енді басы бос әйелмін»: Нәзира Байырбекова ажырасқанын жариялады

«Енді басы бос әйелмін»: Нәзира Байырбекова ажырасқанын жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова некесінің ресми түрде бұзылғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол сот отырысынан кейін әлеуметтік желіде видео жариялап, ажырасу туралы арызы қанағаттандырылғанын жеткізді.

“Қазір ғана менің өтінішім бойынша сот процесі аяқталды. Өтінішім қанағаттандырылды. Енді мен Қазақстандағы басы бос, бойдақ әйелдердің қатарындамын”, – деді Нәзира Байырбекова.

Ол жазбасында некеде тұрған адаммен қарым-қатынас құратындарға да үндеу жасады. Нәзираның пікірінше, өзгенің отбасына араласу ерлі-зайыптылардың ғана емес, олардың балаларының да тыныштығын бұзады.

“Менің ұғымымда некедегі адаммен кездесіп, оның шаңырағының бұзылуына себеп болу – ұрлықпен тең. Өйткені сіз некедегі адаммен кездескен кезде, сол отбасындағы әйелдің немесе ер азаматтың бақытына, балалардың қауіпсіздігіне, несібесіне, тыныштығына, алаңсыз балалық шағына қол сұғасыз”, – деді ол.

Бес баланың анасы отбасындағы кикілжіңнің зардабын балалар да тартатынын атап өтті. Оның сөзінше, ата-ананың екіге кетуі баланың күнделікті өмірі мен жан тыныштығына әсер етеді.

“Сіз сол некедегі екінші адамды ғана жылатып, оның жан тыныштығын алып кетпейсіз. Ол шаңырақта балалар болса, балалардың бақытынан айырасыз. Балаларды әкесінен не анасынан айырасыз. Балалардың қауіпсіздігінен айырасыз”, – деді Нәзира Байырбекова.