Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Шерзат ісі» кезінде өлеңдерімен танылған ақын қамауға алынды

«Шерзат ісі» кезінде өлеңдерімен танылған ақын қамауға алынды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Таразда жас ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды. Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақын әлеуметтік желіде «Шерзат ісіне» қатысты жазған өткір өлеңдері арқылы көпшілікке танылған.

Заңгердің мәліметінше, Бықыбаев Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.

Ахметовтің айтуынша, аталған бапта 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.