5 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын күшейеді. Бұған Қазақстан аумағына жақындаған солтүстік циклон әсер етеді.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендесе, күндіз +7…+9 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы күндіз 9–14 м/с-қа жетеді.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр күтіледі. Түнде ауа температурасы +4…+6, күндіз +11…+13 градус шамасында болады. Желдің екпіні 13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнгі температура +6…+8 градус болса, күндіз +16…+18 градусқа дейін көтеріледі.
Мамандардың мәліметінше, алдағы уақытта солтүстік циклонның ықпалы еліміздің өзге өңірлеріне де таралады. Әсіресе солтүстік аймақтарда жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ қалыптасуы ықтимал.