Logo
Іздеу
Айдарлар

"Біздің Сардар үйленді": АҚШ-тағы қазақ баласы қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)

/
"Біздің Сардар үйленді": АҚШ-тағы қазақ баласы қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Тағдыр жазуымен бала кезінде шетел асып, АҚШ-та өскен қазақ жігіті Сардар (Поль) Бэбкок өз отбасын іздеу тарихымен көпшілікке жақсы таныс. Енді ол өмірінің жаңа кезеңін бастап, үйленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл қуанышты жаңалықты журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желіде хабарлады.

"Біздің Сардар үйленді! Жас жұбайлар бақытты болсын! Естеріңізге сала кетейін, Сардар "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының кейіпкері болды. Біз Сардармен ЮТА штатында жолықтық. Кейін өзі туған анасын іздеп, Қазақстанға келді. Өз тарапымыздан біз де іздеу жұмыстарын жүргіздік. Көп іздедік. Өкінішке қарай, таппадық. Қаншама шетел асқан баланың аналарын, әкелерін тауып бердік. Алайда Сардардың биологиялық анасы құмға сіңген тамшыдай жоқ болды. Сардардың анасын іздеп жатқан кезімізде оның қарындасының туған анасын тауып алдық. Олар табысты", – деп жазды журналист.

Жанар Байсеміз Сардардың өміріндегі бұл қуанышты сәтке шын жүректен тілектестік білдіріп, жас отбасыға ізгі тілегін жеткізді.

"Енді, міне, "анамды табамын" деген арманына жете алмаса да, аяулы жарын жолықтырыпты. Келініміз үріп ауызға салғандай сұлу екен. Сардар, шын жүректен бақыт тілеймін. Сен менің жүрегімдесің. Құрған отауың берік болсын! Сен нағыз азаматсың. Ал, құрметті оқырмандарым, Сардарға жақсы тілек жазыңыздар. Ол бақытты болуға лайық", – деді ол.