Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мәжілісте денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды
pexels.com

21 қазанда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының таныстырылымын өткізді. Таныстырылымды Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Заң жобасының негізгі мақсаты: Денсаулық сақтау жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіру; Халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету; Заңнаманы ЕАЭО нормаларымен және халықаралық стандарттармен үйлестіру.

Заң жобасының өзектілігі: Қазақстан Республикасының қолданыстағы денсаулық сақтаудың нормативтік-құқықтық базасы жаңа тәсілдерді қажет етеді; Құқықтық нормаларды өзектендіру; Жедел цифрландыру және телемедицинаның дамуы оларды реттеудің жаңа тәсілін талап етеді; Биомедициналық зерттеулер жүргізуді қосымша құқықтық реттеу қажеттілігі; Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беруді түрлендіру; Денсаулық сақтау инфрақұрылымын құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі.

Бұл заң жобасы медициналық көмектің сапасын арттырады, электрондық қызметтер арқылы ыңғайлылық туындайды және инновациялық емдеу әдістеріне қол жеткіземіз деп күтіледі екен.