Logo
Іздеу
Айдарлар

"Анамыз бір өлімнен аман қалды": Айнұр Тұрсынбаева желідегі жазбасымен елді шошытты

/
"Анамыз бір өлімнен аман қалды": Айнұр Тұрсынбаева желідегі жазбасымен елді шошытты
SN.kz

Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева соңғы күндері басынан өткен қиын сәт туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өнер иесі анасының сырқаттанып қалғанын айтып, бұл жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін жасырмады.

"Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын", – деп жазды ол.