Logo
Іздеу
Айдарлар

Елімізде алғаш рет Автожолшылар күні аталып өтті

/
Елімізде алғаш рет Автожолшылар күні аталып өтті
Сурет: ҚазАвтоЖол

Биыл еліміздің жол саласы рекордтық көрсеткішке жетті. Атап айтқанда, 13 мың шақырымнан астам тасжолға жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биыл қазан айының соңғы жексенбісінде cала мамандары алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтті. Бұл мереке елдегі жол жүйесін қалыптастыру мен дамытуға зор үлес қосқан автожолшылардың еңбегіне деген құрметтің белгісі. Елімізде автожол саласында шамамен 25 мың маман еңбек етуде. Олардың қатарында инженерлер мен жобалаушылар, құрылысшылар мен механизаторлар, операторлар, жүргізушілер және қарапайым жұмысшылар бар. Бұл адамдар күн-түн демей, аптап ыстықта да, қақаған аязда да еліміздің түкпір-түкпірінде көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Осы ретте «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Абай облысы филиалы да өңірдегі сала ардагерлеріне, қызметкерлеріне құрмет көрсетті.  


«Елдің өркендеуін көргің келсе, жолына қара, деп сөйлейді. Сондықтан, жол мекемесінде Мақаншыда 20 жыл, Қазақавтодорда 25 жыл, 45 жылдай еңбек еттім. «Құрметті жолшы» атандым», - дейді жол саласының ардагері Тілеген Мешелов. 

 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбеков жақында ғана «Талдықорған – Өскемен» жолын, яғни үлкен құрылыс жұмыстарын аяқтағандарын айтады. 

«Одан бөлек «Қалбатау - Майқапшағай» құрылыс жұмыстарын аяқтап, көлік қозғалысын аштық. Тағыда 250 шақырымға бізде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Оның қазіргі таңда 5 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталды. 5 нысанды осы жылы жыл соңына дейін аяқтау жоспарымызда бар», - дейді А. Әнуарбеков.