Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVI сессиясы өтті. Онда «Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.
Сессия барысында қаланың таулы аудандарында тұрғын үй кешендерінің құрылысына шектеу қоятын мораторий жобасы таныстырылды.
Бас жоспарға сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым мен туристік кластер нысандарынан басқа көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын кешендер салуға тыйым салынбақ.
Сондай-ақ, қолданыстағы әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіретін нысандар бойынша тығыз құрылысқа жол берілмейді.