Logo
Іздеу
Айдарлар

Қар, жаңбыр, көктайғақ — 5 қарашадағы ауа райы болжамы

/
Қар, жаңбыр, көктайғақ — 5 қарашадағы ауа райы болжамы
Сурет: pexels

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар қалың түсуі мүмкін, ал оңтүстік-шығыста жаңбыр қарға ұласуы ықтимал, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша синоптиктер желдің күшеюін, тұман мен көктайғақтың болуын, солтүстік өңірлерде боран соғуын болжайды.

▪️ Астанада — ауыспалы бұлт, қар, көктайғақ, боран. Түнде −11–13 °C, күндіз −6–8 °C.

▪️ Алматыда — бұлтты, кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады, тұман, көктайғақ. Түнде −1–3 °C, күндіз +1–3 °C.

▪️ Шымкентте — бұлтты, қар, тұман. Түнде +3–5 °C, күндіз +3–5 °C.