Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей ядролық сынақтарды қайта бастай ма?

/
Ресей ядролық сынақтарды қайта бастай ма?
Сурет: ЖИ

Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов президент Владимир Путинге Новая Земля аралында толық ауқымды ядролық сынақтарға дайындықты бастауды ұсынды. Бұл бастама АҚШ президенті Дональд Трамптың «АҚШ ядролық қару сынақтарын қайта бастайды» деген мәлімдемесінен кейін көтерілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Путин Ресей қауіпсіздік кеңесінің отырысында бұл мәселе бойынша Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктері мен арнайы қызметтерге АҚШ-тың Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартын бұзып-бұзбайтынын анықтап, ұсыныс енгізуді тапсырды.

АҚШ әзірге нақты түсініктеме берген жоқ. Ресейлік барлау қызметінің хабарлауынша, ресейлік дипломаттар Вашингтоннан ресми жауап ала алмаған.

Белоусовтың айтуынша, АҚШ соңғы жылдары қаруды шектеу туралы келісімдерден кетіп, жаңа ядролық қару түрлерін сынауға дайындалып жатыр. Сондықтан Ресей де уақыт жоғалтпай, ядролық сынақтарға дайын болуға тиіс. Генштаб басшысы Валерий Герасимов та бұл ұсынысты қолдап, «реакция кешіксе, жауап беру мүмкіндігі шектеледі» деді.

Путин өз кезегінде Ресейдің халықаралық міндеттемелерін орындап отырғанын айтты. Алайда, егер АҚШ немесе өзге елдер ядролық сынақтарды қайта бастаса, Мәскеу «тиісті жауап» қайтаратынын ескертті.

Айта кетсек, Ресей мен АҚШ соңғы рет ядролық сынақтарды 1990-жылдары өткізген. Ал 1996 жылы қабылданған ядролық сынақтарды толық тыйым салу туралы келісім әлі де екі ел тарапынан ратификацияланбаған.

Әскери сарапшылардың пікірінше, ядролық сынақтардың қайта жандануы жаңа қарулану жарысына әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жаһандық қауіпсіздік жүйесін әлсіретіп, стратегиялық тұрақтылықты бұзады.