Жаңа адамдардың StopTox азаматтық науқаны насыбайдың сатылуы мен қолданылуына қарсы күресті жалғастырады. Бүгінде бұл зат тек базарлар мен дүңгіршектерде ғана емес, азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар дүкендерінде де ашық сатылады.
Таразда өткен рейд кезінде белсенділер Сатпаев көшесі, 7/1 мекенжайындағы «24» дүкенінде насыбайдың ашық сатылымын тіркеді. Дүкен әкімшілігі мұны заңбұзушылық деп санамай, «Біз оны партиямен сатып аламыз, бұл — соңғы 20 данасы» деп жауап берді.
Осындай жағдайлар жаппай орын ала бастағанда, бұл жеке тәртіп бұзушылықтан қоғамдық «нормаға» айналады. Мұндай «нормада» бір сәттік «ләззат» тазалықтан, денсаулықтан және айналадағы адамдардың жайлылығынан маңыздырақ болады. Алайда мәселенің түпкі себебі заттың өзінде емес, оны таратудың артында тұрған санада — «қаладым — жасадым» деген түсінікте. Бұл — тас дәуірінің логикасы: «қаладым — бұздым», «қаладым — тартып алдым». Ал өркениет осы санаға қарсы тұру үшін пайда болып, ережелерге, келісімдерге және айналадағы адамдарға деген құрметке негізделді, - дейді Жаңа адамдар.
Бұл құлдырауды көрнекі түрде көрсету үшін Жаңа адамдар белсенділері насыбай сатылатын сауда нүктесін «заманауи жабайылар мұражайына» айналдырды — яғни, мұндай жерлердің тауар емес, өткенге шегініс сататынын бейнелейтін визуалды экспозиция жасады. «Мұражай» насыбайға және оны сатуды ақтайтын санаға қарсы наразылықтың белгісіне айналды.
Омирсериков Бекзат, Жаңа адамдар:
«Тұтыну әдетке айналу, бұл — жай ғана құқық бұзушылық емес, бұл — құлдырау. Сондықтан біз мұны тура мағынасында көрсетуді ұйғардық: насыбай сатылатын орындарды заманауи жабайылар мұражайына айналдырдық. Әр адам осындай жерлерде өткенге сауда жасалып жатқанын көрсін. Біз затпен емес — “қаладым — жасадым” деген санамен күресеміз. Бұл — тас дәуіріндегі сана. Қазақстан — саналы, жаңашыл әрі жауапты ел».