Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жетісу облысында оқушылар арасындағы жанжал қайғылы аяқталды

Жетісу облысында оқушылар арасындағы жанжал қайғылы аяқталды
Фото: freepik

Жетісу облысының Сарқан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім сыныптасымен болған жанжалдан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға сабақ аяқталғаннан кейін болған. Екі оқушының арасында жанжал туындап, соның салдарынан жасөспірімдердің бірі ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Полиция қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, заңды өкілдерінің қатысуымен полицияға жеткізілген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын, жанжалдың неден басталғанын және оның қандай жағдайда қайғылы жағдайға ұласқанын анықтап жатыр.